дүйсенбі, 29 желтоқсан, 2025 17:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Заң мен тәртіп: «Айқын нәтиже» жобасы аяқталды

Заң мен тәртіп: «Айқын нәтиже» жобасы аяқталды
Бас прокуратура
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының «Алматы» ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігінің төмен болуына себеп болған факторларды жоюға бағытталған «Айқын нәтиже» жобасы аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бас прокуратураның үйлестіруімен екі ай бойы қоғамдық орындардағы қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда дрондар арқылы қоғамдық тәртіпті қараудан бастап, көшедегі қылмыстарды болжауда жасанды интеллектіні қолдануға дейінгі дәстүрден тыс тәсілдер сыннан өткізілді.

Аталған кешенді шаралар елорданың «Алматы» ауданындағы криминогендік ахуалға оң әсерін тигізді.

Көшедегі қылмыстар 32%-ға төмендеді, қасақана ауыр, орташа және жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын келтіру деректері тиісінше 50%, 38% және 37%-ға азайды, сондай-ақ ұрлықтар 23%-ға, бұзақылық 100%-ға, адам өлтіру қылмыстары 66%-ға қысқарды.

Нәтижесінде қылмыстардың жалпы ашылу деңгейі 14%-ға артты.

Пилоттық жобаның қорытындылары Бас прокуратурада өткен кеңесте талқыланып, қадағалау органының басшысы аталған жұмыс моделін бүкіл ел аумағында ауқымдандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, жобаны тиімді енгізгені үшін Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасының, әкімдігінің және полициясының бірқатар қызметкерлері Бас Прокурордың бұйрығымен марапатталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар