Қостанай облысында жеке үйден өрт шығып, бес бала жанып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 11 қазан, 2024
- 507
Бес баланың өмірін жалмаған өрт Қостанай облысы, Жітіқара қаласында болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 04:29-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, оның салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түскен.
"7 минуттың ішінде құтқарушылар оқиға орнына жетті, үй толығымен өртке оранды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және үйінділерді тазалауға кірісті. Сағат 06:08-де өрт локализацияланып, толығымен сөндірілді", — делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның салдарынан 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар көз жұмған.
"Өкінішке орай, үйінділерді тазалау нәтижесінде 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына барған. Күйеуі түрмеде отыр. Қазір оқиғаның себептері анықталуда. ", — деп жазылған хабарламада
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық драма театрда «Менің атым Қожа» қойылымының премьерасы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 29 қараша, 2024