сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Құны 1,5 миллион теңге": Алматыда фельдшер науқастың алқасын ұрлап, ломбардқа өткізген

"Құны 1,5 миллион теңге": Алматыда фельдшер науқастың алқасын ұрлап, ломбардқа өткізген
Сурет: Видеодан скриншот
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына жазған

Алматылық фельдшер науқастың  құны 1,5 миллион теңгелік лқасын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген , - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алған. Мұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде құны 1,5 миллион теңге тұратын алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар. Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал фельдшер жұмыстан босатылған. Жай ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді, - делінген жазбада.

 Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. 

- Түрксіб ауданының полиция басқармасы бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, содан кейін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар