сейсенбі, 12 қараша, 2024 0:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберді

Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберді
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Оқиға анасы ұлының жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқанда анықталған

Индонезиялық ер адам ақшасын құмар ойынға жұмсау үшін 11 айлық ұлын сатып жіберген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, әкесі құмар ойындарға тәуелділігін қаржыландыру үшін келісім-шартқа отырған. Ер адамның баланы сатудан 800 долларға жуық ақша алғаны белгілі болды. Оқиға анасы ұлының жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқанда анықталған.

Нақты айғақтардан кейін индонезиялық ер адам қылмысын мойындаған. Баланы сатып алушылар адам саудасына күдікті ретінде қамауға алынған, олар үлкен мөлшерде айыппұл төлеуі және 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар