Жаңалықтар
«Қайта қосылды»: Жарқынай Ханайым желіге бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбектің құшағында тұрған суретін жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 4 тамыз, 2024
- 1.5k
Желі қолданушылары суретті көре сала қуаныштары қойнына сыймай, жұлдызды жұпты құттықтаған
Негізі бұл жұптың айырылысуына «Рауза» телехикаясындағы «сүйісу сәттері» себеп болғанын актриса өзі айтқан. Сол оқиғадан соң күйеуі екеуінің арасы алшақтап кеткен еді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Суретті көрген желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақжарма тілегін толассыз ақтарды. Барлығы ұзақ күткенін, бақытты болуға тілектестігін білдіріп жатты. Сондай жазбалардың арасында «Басқа біреуге үйленсе, «ұрып кетеміз» деп жүр едік. Айдар мырза, аман қалдыңыз» деген ерекше тілектер де болды.
«Ажырасу процесі менде өте қиын өтті. Бірақ мен оны ешкімге білдірмеуге тырыстым. Күндіз желіде күлімдеп видео жариялағаныммен, кешке көңіл-күй мүлдем болмайтын. Мен отбасыммен бақытты болуға ұмтылдым. Айдар екеуміздің арамызда мен армандаған үйлесім болмады. Оған уақыт керек болды», – деді актриса.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала