Париж олимпиадасында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) жартылай финалда Хавьер Кристиан Пиналесті (Доминикан Республикасы) жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Төрешілер алғашқы екі раундта боксшыларға теңдей баға берген.
Алайда Нұрбек соңғы раундта қарсыласына сериялық соққылар жаудырып, басымдық танытты.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан шешуші раундты қазақ боксшысының есебіне жазды.
Осылайша, жерлесіміз қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.
Енді Нұрбек Оралбай 8 тамыз күні финалдық жекпе-жекте алтын медаль үшін жұдырықтасады. Ал оның қарсыласы енді анықталады.
Айта кетейік, бокстан
Қазақстан ерлер құрамасындағы алты боксшы жартылай финалға шыға алмай, Париж олимпиадасының жүлдесіне қол жеткізе алмаған еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Париж -2024: 5 тамызда кімдер ел намысын қорғайды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024