дүйсенбі, 25 қараша, 2024 9:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Париж-2024: Қазақстандық дзюдошылар олимпиаданы бір алтын, бір қоламен аяқтады

Париж-2024: Қазақстандық дзюдошылар олимпиаданы бір алтын, бір қоламен аяқтады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қазақстан қоржынында Париж олимпиадасының 1 алтыны мен 1 қоласы бар

Бүгін Париж олимпиадасында дзюдодан аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңіліп, жарысты аяқтады - 2:4, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.. 

Қазақстандық балуандар бірінші айналымнан әрі аса алмады. 

Ең бірінші болып татамиге шыққан 
57 келіде Абиба Әбужақынова Силва Рафаэльден жеңілді. 
Айта кетейік, жерлесіміз бұл сында өз салмағынан 9 келіге көп балуанмен белдесіп жеңілді. 

Ал 73 келіде сынға түскен жамбылдық жампозы Данияр Шамшаев Даниель Гарнинді жеңіп, есепті теңестірді. 

Алайда 70 келіде Есмигүл Куюлова Кэтлин Куадростан жеңіліп қалса, 90 келіде Абылайхан Жұбаназар Рафаэль Македо қолын тартып, иппон әдісімен жеңіп есепті 2:2-ге теңестірді. 

Өкінішке қарай, шешуші белдесуде +70 келіде Кәмила Берліқаш Беатрис Соузаға, +90 келіде Нұрлыхан Шархан Леонардо Консалвеске есе жіберді. 

Осылайша қазақ дзюдошылары 2:4 есебімен жарысты аяқтады. 

Еске салайық, Париж олимпиадасында жарыстың бірінші күні Елдос Сметов (60 кг) алтыннан алқа тақса, ал келесі күні Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге ие болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар