Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінде қолдануға болмайтын заттар табылды
- авторjambylinfo.kz
- 3 тамыз, 2024
- 363
№25 мекемесінің жедел және режимдік бөлімдерінің қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тамақ өнімдері арасынан қолдануға болмайтын зат тапты. Атап айтқанда донер фаст-фуд ішінде жұмыс күйіндегі PIN кодпен қорғалған «ОРРО» маркалы қара түсті 1 дана ұялы телефон, 3 дана Алтел мобильді операторының сим картасы, 1 дана зарядтағыш және құлаққап табылды,
Ұялы телефонды табу мен тәркілеп алу фактісі №25 мекемесінің бақылау-өткізу пунктіндегі бейнебақылау камераларына тіркелді.
Жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК 481-бабының талаптарына сәйкес жоғарыда аталған тұлға әкімшілік жауапкершілікікке тарту үшін соттың қарауына жіберілетін болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз