сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Премьер-министр энергетика саласындағы жобаларды жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр энергетика саласындағы жобаларды жеделдетуді тапсырды
Фото: Үкімет
Кеңесте ағымдағы инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа қуат көздерін генерациялау және Президент Жолдауындағы міндеттер шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы қаралды.

Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиынға бірінші орынбасар Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министр орынбасарлары Ғалымжан Қойшыбаев пен Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» компанияларының басшылары қатысты.

 Қазіргі уақытта 13 трлн теңгеден астам инвестиция салынған 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, жалпы қуаты 15,3 ГВт.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда реттеу қуатының тапшылығын жабу және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыру мақсатында маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Ол 2027 жылы экономиканың электр энергиясына қажеттілігін толық жабу, ал 2029 жылы тұрақты профицитке қол жеткізу мүмкін екенін айтты.

Премьер-министр жобаларды іске асыру кезінде мерзімдердің кейінге қалдырылуына тоқталып, барлық нысандарға тікелей жауаптылықты министрлер мен компания басшыларына жүктеді.

2025 жылы электр энергиясын өндіру 123,1 млрд кВтсағ-қа жетіп, қуат 26,7 ГВт болды. Генерацияның басым бөлігі көмір стансалары (51,4%), газ генерациясы (25,6%) және ЖЭК (13,5%) үлесіне тиесілі. Соңғы екі жылда күрделі жөндеуге 902 млрд теңге жұмсалып, 9 ЖЭО «қызыл» аймақтан шығарылды.

Таза көмір технологиялары негізінде бірнеше стратегиялық жобалар іске қосылып жатыр: Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Курчатов (700 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) ЖЭО. Желілік инфрақұрылымды дамыту үшін KEGOC Оңтүстік және Батыс Қазақстан желілерін жаңғыртып, жаңа әуе желілерін тартуда.

2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт қуат көздері, 6 659 шақырым жаңа 220-500 кВ желі және 10 591 шақырым желіні реконструкциялау жоспарланған. «Самұрық-Энерго» АҚ 7,4 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосуды көздеп отыр, оның ішінде Алматы ЖЭО-2 және Екібастұз ГРЭС-2 блоктары бар.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар