Жаңалықтар
Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 29 желтоқсан, 2023
- 266

Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Елордада ел Президенті атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты республикалық шырша мерекесі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам бала жиналды, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform. сайтына сілтеме жасап.
Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат табыс етілді.

«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», - деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.

«Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де барды деп естіп отырмын. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақты өткізулеріңіз үшін аянбай барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер», - деді Оқу-ағарту министрі.



«Шырша тойына қатысқаным үшін аса қуаныштымын. Оның үстіне бізге көптеген сыйлықтар берілді. Осындай шексіз қуаныш сыйлаған Президентке және барша қатысушыларға рахмет айтамын», - дейді ол.



Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала