....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөзі
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

        Ағымдағы жылдың 29ы желтоқсан күні Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында, теміржол және әуе көлігі объектілерінде тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында Жамбыл дабыл беру және байланыс дистанциясының қоғамдық көмекшілері А.Нұраханов, З.Узбеков және Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің еріктілері Н.Рахманбеков, А.Бейбіттің қатысуымен, «Құмшағал-Шолдала» станцияларында халықпен және теміржол қызметкерлерімен жиын өткізілді.

Сонымен қатар шұғыл тежеу жағдайларын көпшілік талдай отырып, пойыздардың жоспары емес тоқтауының себебі үй жануарларының темір жолдарда болуы, сондай-ақ белгіленбеген орындарда адамдардың жаппай өту болып табылады. Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың  теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу,  теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Тараз ст. ЖПб әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаевабарлық қатысушыларға «Теміржол қауіпті аймақ» екенін еске салды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар