Жаңалықтар
Президент белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты
- авторАрайлы Жақсылық
- 9 сәуір, 2025
- 467

Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков қайтыс болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шымкент – Бангкок: SCAT әуекомпаниясы жаңа бағытта рейс ашады
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 тамыз, 2025