сейсенбі, 29 сәуір, 2025 6:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таза Қазақстан»: «Таза жағалау» акциясы аясында 6 мың тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан»: «Таза жағалау» акциясы аясында 6 мың тонна қоқыс жиналды
ortcom.kz
Аталмыш шара еліміздің оңтүстік өңірлерінде және Маңғыстау облысында өтті.

Экологиялық акция өзен, көлдердің, су қоймалары мен басқа да су айдындарының жағалауларын тазартуға бағытталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Тазалық жұмыстарына 43 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерімен қатар, еріктілер мен экоактивистер де бар.

Жиын нәтижесінде 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,5 мың га жер тазартылды.

Экологиялық акциялар – бұл аумақты қоқыстардан тазарту ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жергілікті тұрғындардың назарын экология мәселелеріне аудару, табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.

«Таза жағалау» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар