жұма, 18 сәуір, 2025 4:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Қытайға қатаң шара қолданды: импорттық тарифтер еселеп артты

Трамп Қытайға қатаң шара қолданды: импорттық тарифтер еселеп артты
Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елдерге арналған кедендік баж салығын уақытша 10%-ға дейін төмендетіп, Қытай үшін керісінше – өсіретінін мәлімдеді.

Ол жаңа баж салығын енгізуге үш айлық үзіліс жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Бұл кезеңде Қытайдан басқа елдер үшін баж салығы 10% мөлшерінде белгіленеді. Ал Қытайдан келетін тауарларға тариф бірден 125%-ға дейін көтеріледі.

Трамп бұл шешімін Truth Social желісіндегі парақшасында түсіндіріп, 75-тен астам елдің АҚШ-пен сауда мәселелері бойынша келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізгенін айтты.

"Бұл елдер менің табанды ұсынысымнан кейін АҚШ-қа қарсы жауапты шаралар қабылдамағандықтан, мен 90 күндік үзіліс жариялап, осы уақыт ішінде тарифті 10% деңгейінде етіп айтарлықтай төмендетуге шешім қабылдадым", – деп жазды Трамп.

Сонымен бірге ол Қытайдың "әлемдік нарыққа құрметсіздік танытқанын" айтып, осыған байланысты Қытайдан әкелінетін өнімдерге салынатын тарифті 125%-ға көтеретінін мәлімдеді.

"АҚШ пен басқа елдерді тонау дәуірі аяқталуы керек екенін Қытай жақын арада түсінеді деп үміттенемін", – деді ол.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент CNBC арнасына берген түсініктемесінде, Қытайдан басқа елдермен келіссөздер жүріп жатқанда, олар үшін тариф 10% деңгейінде қолданылатынын нақтылады. Алайда бұл үзіліс кейбір салалық тарифтерге қатысты емес екенін айтты.

 

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар