сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 3:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәйремде балабақша бухгалтері 16 миллион теңге жымқырғаны үшін шартты жаза алды

Жәйремде балабақша бухгалтері 16 миллион теңге жымқырғаны үшін шартты жаза алды
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Ұлытау облыстық прокуратурасы мәлімдеді

Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 16 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырғаны үшін шартты жаза алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Жәйрем кентіндегі балабақша бухгалтері қызметкерлерге еңбекақы мөлшерінен артық қаражатты негізсіз аударып отырған. Нәтижесінде бюджетке 15,9 миллион теңге көлемінде шығын келген.

Сот бухгалтерді кінәлі деп танып, сегіз жылға шартты жаза тағайындады. Сонымен қатар, оған он жыл бойы бухгалтерлік және қаржы саласына қатысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар