Жаңалықтар
Президент ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 19 шілде, 2024
- 756
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Министр Президентке жоғары білім мен ғылымды дамыту бастамаларын ұсынып,
салада атқарылған жұмыстарды баяндады:
- Елімізде шетел университеттерінің 25 филиалы ашылды.
- Шетелдік әріптестермен аймақтық университеттерді халықаралық деңгейдегі зерттеу университеттеріне айналдыру жөнінде келісімдер жасалды.
- Оқушыларды қолдаудың жаңа қаржы құралдары енгізілді: «Келешек» жүйесі, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы, жеңілдікті білім беру несиелері және сараланған гранттар.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берген:
- 8 университетте 15 бағдарлама бойынша 2 мыңнан астам студент білім алуда.
- Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei компанияларымен ынтымақтастық орнатылды.
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша жыл сайын жасанды интеллект мамандарын даярлауға 100 шәкіртақы бөлінеді.
Кездесу соңында Президент министрге жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде жатақханалар салуды жалғастыруды тапсырған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз