сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Экология министрі: Оңтүстікте су тасқыны қауіпі жоғары

ҚР Экология министрі: Оңтүстікте су тасқыны қауіпі жоғары
Коллаж Ulysmedia
Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомство басшысының сөзінше, 11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71 пайызында қар жатыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 15 пайызға аз.

«Еліміздің оңтүстігіндегі, атап айтсақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында және Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр. Наурыз айында температураның көтерілуі мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болған жағдайда тау өзендерінде еріген қар суының әсерінен жоғары тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар жиналу үрдісі жалғасуда, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түсуі күтіледі. Мысалы, Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бірінші онкүндікте ғана түсіп үлгерді,» - дейді Нысанбаев

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар