Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің әсері: Зерттеу қорытындылары
- авторjambylinfo.kz
- 11 наурыз, 2025
- 1.2k

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, жүргізілген мониторинг бірыңғай уақытқа көшудің халыққа кері әсер етпегенін көрсетті.
Зерттеу бірнеше негізгі саланы қамтыды: халықтың денсаулығы, энергия тұтыну деңгейі, еңбек өнімділігі, жол-көлік оқиғаларының саны және оқушылардың үлгерімі. Бұл мәселелерді талдауға сарапшылар мен ғылыми-зерттеу институттары қатысты.
«Бірқатар мәслихаттар жұмыс уақытын 08:00-ден 17:00-ге дейін өзгерту бастамасын қолдады. Бұл шаралар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда, осы тәжірибе басқа өңірлерге де енгізіледі», – деді Арман Шаққалиев.
Айта кетейік, Қазақстан халқы 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз