Ресейде өзенге құлаған автобус ішінде қазақстандық қайтыс болған
- авторjambylinfo.kz
- 11 мамыр, 2024
- 2.0k
Ресейдегі Фонтанка.ру басылымы Санкт-Петербургте көпірден құлап, суға батқан автобустың ішінде Қазақстан азаматы болғанын жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басылымның жазуынша, 28 жастағы Марина Ю. Көкшетау қаласының тумасы. Ол әйел әлеуметтік желіде блог жүргізіп, табиғи косметика заттарын сатумен айналысқан. Васильев аралындағы Косой жерінде тұрған.
10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап, жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол ұсталған.
Ресей тергеу комитетінің ресми мәліметінше, қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалған. Полиция сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 264-бабының 5-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу) істі тергеп жатыр. Көлік комитеті автобусқа иелік еткен компанияға кешенді тексеру жүргізбек.
Апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған. БАҚ-та олардың кейбіреулері өз бетінше жағаға шыққаны, тоғыз адамды құтқарушылардың алып шыққаны хабарланады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024