Осыған байланысты Риддер қаласының төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жеркілікті тұрғындарфн хабардар етті.
Күштер мен құралдар ықтимал эвакуация жағдайында дайын.
"Халықты уақытша орналастыру үшін Риддер әкімдігі Риддер колледжі ғимаратында жедел түрде уақытша орналастыру пунктін дайындады.Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты. Риддер әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары аулалар мен үй маңындағы суды сору үшін мотосорғылар қолданды, мұзды тазалап, өзен арналарына қарай еңіс жасау үшін арнайы техникалар тартылды".ШҚО ақпарат орталығының баспасөз қызметі