....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тоқаев "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне үндеу жасады

Тоқаев "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне үндеу жасады
ашық дереккөзі
Тоқаев "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне үндеу жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған салтанатты форум қатысушыларына құттықтау хатын жолдады.
"Құрметті Форумға қатысушылар! Баршаңызды "Болашақ" халықаралық стипендиясының белгіленгеніне 30 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. "Болашақ" бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр."Президент
Сонымен қатар президент қазір Қазақстанды өркендете түсу үшін тың серпіліс қажет екенін баса айтты.
"Біздің алдымызда ел экономикасының құрылымын қайта түзу, саяси жүйені одан әрі жаңғырту және шын мәнінде әділетті әрі инклюзивті қоғам қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер тұр. Осы орайда білім беру саласына инвестиция салу және азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік жасау өте маңызды."Мемлекет басшысы
Дереккөз: Zakon.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар