сенбі, 2 қараша, 2024 1:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Сүйінші хабар күтіп отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы үлкен қуанышы туралы сыр шертті

"Сүйінші хабар күтіп отырмыз": Ләйлә Сұлтанқызы үлкен қуанышы туралы сыр шертті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ол өзі жүргізетін бағдарлама арқылы 31 әйелдің сәби сүюіне ықпал еткен

Ләйлә Сұлтанқызы «Ана болғым келеді» жобасының соңғы бөлімі эфирге қашан шығатынын айтты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол өзі жүргізген бағдарлама арқылы 31 әйелдің сәби сүюіне ықпал еткенін және 10 пациенттен сүйінші хабар күтіп отырғанын жеткізді. 

«31 әйел, 31 тағдыр. Барлығы тағдырлас болғанымен, жүріп өткен жолдары әртүрлі. Мойымайтын, өмірдің сынағына сынбайтын біздің сүйікті пациенттеріміз. Біздің мақсатымыз – пациенттеріміздің аңсаған сәбилерін қолдарына алуы. Шүкір, бүгінде 11 сәби дүниеге келді: 5 қыз, 6 ұл бала. Тағы 10 анамыздан сүйінші хабар күтіп отырмыз", - деп жазды ол. 

Тележүргізуші басқа да әйелдер  аталған жоба арқылы сәбилі бола алатынын атап өткен. 

 "Әлі талай отбасыларға үміт отын сыйлауға ниеттіміз», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ ол ертең «Ана болғым келеді» хабарының соңғы бөлімі шыққанымен,  «Mariyam» қайырымдылық қоры жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін жазған. 

"Бұл қордың мақсаты  – балалы болуды армандап жүрген, «Аңсаған сәби» мемлекеттік квотасын түрлі себептерге байланысты ала алмайтын отбасыларға ЭКО арқылы көмектесу. «Сауапты іс жасап, бір баланың дүниеге келуіне себепкер боламын десеңіз, қаражат аудара аласыз», – деп хабарландыру жасады журналист. 

Айта кетейік, көптен бері балалы бола алмай жүргендер ресми сайтқа (mariyamfund.kz) кіріп, анкета толтыруға тиіс. Қорға келген әр хат қамқоршылық кеңесінің отырысында қаралып, талқыланады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар