дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жүргізілген аудит тексерісі нәтижесінде 64 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Жамбылда жүргізілген аудит тексерісі нәтижесінде 64 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды
Фото - ашық дереккөзден
Оның ішінде 60 млнға жуығы қаржылық бұзушылықтар

Мемлекеттік аудит департаменті Жамбылда жыл басынан бері 38 тексеріс жүргізіп, 64 млрд теңгенің бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Рахымжан Ділдаевтың сөзінше, анықталған 64 млрд теңгенің  235 млн теңгесі бюджетке өтеледі.  Ал, 1,5 млрд теңгесі қалпына келтірілетін қаржы болса, 57  млн  бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар екен.

-    Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 27 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,1 млн теңге бюджетке толығымен өтелді. Құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн. теңге сомасымен 4 материал берілді, онда 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 57 521,2 млн.теңге (бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 57 356,2 млн. теңге), бұл 96,4%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 2 106,9 млн.теңгеге, яғни 3,5%, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 42,7 млн.теңге – 0,1% құрайды,- деді департамент басшысы. 

Сонымен қатар, маусым айында 18155  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілген. Анығы, 18506 лот өндірілуі тиіс. Бұл жалпы көрсеткіштің 98,1 пайызын құрайды.  Департамент басшысы аталған мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4778 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 4651 орындалғанын айтты.

-    Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 31 хат жолданды, 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды. Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 2254 арыз шағымдар келіп түскен, оның 1308 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны- 946,- деді Рахымжан Ділдаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар