сәрсенбі, 9 қазан, 2024 6:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Samsung компаниясының басшысы 5 жылға сотталуы мүмкін

Samsung компаниясының басшысы 5 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Samsung компаниясының басшысы 5 жылға сотталуы мүмкін
Samsung компаниясының басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады jambylinfo.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Оңтүстік Корея прокуратурасы соттан осындай жаза сұрады. Ли Чжэн Енге еншілес компанияларының бірігуі кезінде акциялардың бағасын бұрмалады деген айып тағылған. Соның салдарынан өзге инвесторлар шығынға батқан. Бірақ Ли Чжэн Ен мұны мойындамады. Оның айтуынша, компаниялар бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін біріктірілген. Сот процесінің жалғасып жатқанына 3 жылдан асты. Іске қатысты үкім қаңтарда шығуға тиіс. Айта кетейік, 2021 жылы Samsung басшысы жемқорлық бойынша 2 жарым жылға сотталған еді. Алайда мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар