Жаңалықтар
Таласта суатқа келген сиырды сойып алған күдікті анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 20 қараша, 2023
- 189
Таласта суатқа келген сиырды сойып алған күдікті анықталды
2023 жылдың 4 қарашасында Талас ауданы полиция бөліміне Сарысу ауданының 54 жастағы тұрғыны арызданған. Ол Талас ауданына қарасты жайылымның бiрiнен 1 бас сиыры жоғалғаны туралы шағым түсiрген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігімен (Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.
Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 67 жастағы Талас ауданының тұрғыны анықталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол жайылымда қараусыз жүрген малдар өзенге суға келгенде арасынан өзіне тиесілі сиырын таба алмағандықтан, бөтен iрi қара малды сол жерде ұстап, сойып алғанын айтты. Сондай-ақ, етiн Алматы облысына сатуға берiп жiберген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарға қырағы болып, төрт-түлігін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мал иелері жайылымға малдарын қараусыз жібермей, бақташы жалдап, сондай-ақ үй малын таңбалауды және сырғалауды ұмытпау керектігін ескертеді. Жоғалған немесе ұрланған жағдайда, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарлау керек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024