дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сара Тоқтамысова туған ауылына мешіт салып берді

Сара Тоқтамысова туған ауылына мешіт салып берді
Сурет ашық дерекөзден алынды
Мешіт салу идеясын жолдасы ұсынған

Айтыскер ақынның мешіт салуға деген ниетін естіген өнердегі аға-әпкелері мен достары  көмегін аямаған – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақсуатта 3 күн қатарынан дүбірлі той өткен. Мешіттің ашылуын тура сол уақытқа туралап, сырттан келетіндерге көрсетпек ниетін білдіргендер көп болған. 

Алайда айтыскер 
мешіттің ашылу салтанатын дүбірлі тоймен бірге жасауға қарсылық білдірген. 
«Мешітті мақтану үшін, мақтан үшін ашып жатқан жоқпын. Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін. Ниетім – ауылым қуанса болды. «Мешіт салынған жерге Алла береке беріп қояды» дейді. Ауылым берекелі ауылға айналса екен деп армандаймын. Балалар намаз үйренсе екен. Үлкендер құбыланы тауып, иманға жақындаса деймін. Дәл жолдың бойында орналасқан. Өткен-кеткен жолаушы маңдайын сәждеге тигізсе екен», – деген арманымен бөлісті.

Құрылыстан кейінгі мешітті тұңғыш көріп, айтыскердің көңілі босаған. 

«Бір бұрышында отырып, жылап қалдым. Алла қасиетті үйіңді салғызуға мүмкіндік бергеніңе, шүкір! Мейірімді Алла кішкентай арманымды орындағаныңа шүкір! Ешқашан азан үні естілмеген ауылымнан күмбезін жарқыратып мешіт соғуға себепкер қылғаныңа шүкір. Отағасы Есіліме мың алғыс. Ең бірінші сол кісіден туған ұсыныс. Төбемде Алла көріп тұр. Еліңнің батасын алдың, ата-анаң да осы ауылдан шықты. Біздің ауылдарда қос-қостан мешіт бар. Сенің ауылыңа бір мешіт бастайық, өз ретімен болады» деген жан жарымның сөздері одан сайын шабыт берді» – деп жазды ақын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар