Жаңалықтар
Саран қаласында белгісіз ер адам дүкенге ұрлыққа түсіп, сатушыны пышақтап кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 қаңтар, 2025
- 560

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді.
Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесі табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді, делінген хабарламада.
Полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Президент «Аквашаруашылық туралы» ҚР Заңына қол қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025
Жаңалықтар
Starlink интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025