жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero сыйлығымен марапатталды

Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero сыйлығымен марапатталды
Фото: gov.kz
Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру саласындағы жаңашылдықтары үшін халықаралық Learning Hero Award сыйлығын иеленді.

Аталған марапат Coursera платформасы тарапынан ұлттық деңгейде цифрлық оқытуды дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға табысталады. Learning Hero Award – әлемдік білім беру жүйесіне серпін берген, жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал еткен көшбасшыларға арналған беделді сыйлық.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан соңғы жылдары білім беруді цифрландыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

– Coursera платформасында қазақстандық студенттер мен оқытушылар 350 мыңнан астам сертификат алды. Жүздеген курс қазақ тіліне аударылып, оқу процесінде кеңінен қолданылып келеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары бұл онлайн курстарды оқу бағдарламасына енгізіп, студенттердің цифрлық ресурстарға қолжетімділігін арттырды, – делінген ресми хабарламада.

Министрлік бұл бастамаларды Қазақстанның цифрлық білім беру реформасындағы табысты қадамы ретінде бағалап отыр. Цифрлық оқытуды кеңінен енгізу арқылы еліміз халықаралық деңгейде білім саласында оң имидж қалыптастырып келеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар