Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қыркүйек, 2025
- 380
2025 жылғы 10 қыркүйекте Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде 5513 әскери бөлімі мен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қатысуымен, сондай-ақ Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараның мақсаты – Жамбыл облысындағы жергілікті әскери басқару органдарының қызметінде, әсіресе 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, оның алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар мен бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтердің ашық әрі әділ жүзеге асырылуына септігін тигізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





