Семейде жүк пойызы басып кеткен әйел оқиға орнында көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 сәуір, 2025
- 188

Семей қаласында Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде пойыз басып кеткен әйел мерт болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болды. Әйел жүк пойызы тоқтап тұрған кезде теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда ол вагондардың арасында болған сәтте пойыз қозғала бастаған.
abainewskz Telegram арнасы оқиға орнында тұрған көліктің бейнебақылау камерасына жазылған видеоны жариялады. Кадрлардан әйелдің асығыс әрекетпен пойыздың астымен өтпек болғаны байқалады. Алайда сол сәтте пойыз қозғалып кетіп, әйелді басып өткен.
Куәгерлер зардап шегушіні дереу пойыздың астынан шығарып алғанымен, ол ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
Оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 1139-ға жетті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 сәуір, 2025