жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сергек» камералары түсіретін айыппұлдар екі есе азая ма?

«Сергек» камералары түсіретін айыппұлдар екі есе азая ма?
Сурет: bnewz.kz
Бұл сұраққа вице-премьер Роман Скляр жауап берді

Мәжіліс депутаттары «Сергек» камералары түсіретін айыппұлдарды екі есеге азайту мәселесін көтеріп, Үкіметке ұсыныс жасаған. Депутаттардың бұл ұсынысына вице-премьер Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Роман Склярдың ulysmedia.kz сайтына берген жауабына сәйкес, қазір автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау құралдары мен аспаптары жол жүрісі саласындағы мынадай құқық бұзушылықтарды тіркейді:

  • белгіленген жылдамдық режимін бұзу;
  • бағдаршамның тыйым салу белгісіне жүру;
  • жол белгілерінің жолақтарын және таңбаларын бұзу;
  • рұқсат етілмеген жерге тоқтау немесе тоқтап тұру.

– Осылайша, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп тудыратын төндіретін бұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі. Бұл құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықталатын құқықбұзушылықтар тізбесінен алып тастау жол-көлік оқиғаларының өсуіне алып келуі мүмкін, – делінген жауапта.

Депутаттар сонымен қатар, ақылы көлік тұрақтарын қадағалайтын мемлекеттік операторды құруды ұсынған. Оған дейін мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі туралы шарттардың талаптарын қайта қарап, жекеменшік компанияға тұрақ аумағын күтіп ұстау, жолын жөндеу қызметін жүктеуді өтінген. Алайда Скляр бірыңғай мемлекеттік оператор құру экономиканың бәсекелес салаларына мемлекеттің қатысуын қысқарту жөніндегі мемлекет саясатымен үйлеспейтінін, сондықтан аталған ұсыныс қолдау таппайтынын хабарлайды.

 Айта кетейік, статистикалық деректерге сәйкес 2024 жылдың өткен кезеңінде елде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза болып, шамамен 25 мың адам дене жарақаттарын алған.

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар