Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы екінші баласын күтіп жүр
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 қараша, 2024
- 322
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі отбасындағы қуанышты жаңалығын айтып, екінші перзентін күтіп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жас отбасының тұңғышы жақында 1 жасқа толған. Блогер ұлының туған күніне орай, арнайы фотосессия жасап, екінші баласына аяғы ауыр екенін тосын сый ретінде көрсеткен.
"Ерманби 1 жасқа толды. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз", - деп жазды блогер.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары Дина Төрәліге баласын өмірге аман-есен алып келуін тілеген.