бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 14:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Үш мұғалім қаза тапты": Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

"Үш мұғалім қаза тапты": Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Сурет: Коллаж/Qostanay Media
Марқұм педагогтар ауыл мектебінде жұмыс істеген

 16 желтоқсанда болған қайғылы оқиға үш педагогтың  өмірін қиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Qostanai.media порталының жазуынша, жүк көлігінің жүргізушісі Түркістан облысының 1992 жылы туған тұрғыны болса, такси жүргізушісі Шалғышы ауылының 1982 жылғы тұрғыны екені анықталды. 

Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың арасында білім саласының қызметкерлері де бар. Марқұмның екеуі бұрын Октябрь орта мектебінде жұмыс істегені анықталды.  Ал жол-көлік апатынан  жарақат алған тағы үшеү адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 11 жасар ұл бала бар.

Заречная мектеп-лицейінің 35 жастағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карина Лаврик пен Большe-Чураков орта мектебінің 48 жастағы педагог-психологы Луиза Ашаева да қайтыс болды. Бұл тәжірибелі педагогтар туралы әріптестері тек жақсы пікірлер айтты.

"Бұл қайғыны  сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Карина Сергеевна 2015 жылға дейін бізде жұмыс істеді. Ал Луиза Леонидовна екі жыл бұрын отбасылық жағдайлармен басқа жерге қоныс аударған еді. Өмірден тамаша әйелдер өтті. Олар білімді де білікті керемет ұстаз болды. Марқұм әріптестеріміз оқушылар арасында үлкен беделге ие еді. Олар өз жұмысын сүйіп, оған бар жан-тәнімен берілген еді. Мына жағдайға сенбейсің”, – деп көңіл айтты  Октябрь ауылындағы білім мекемесінің ұжымы.
 

Мерт болған Алина Абрамова 2002 жылы туған Целинное ауылынан шыққан. Сондай-ақ педагог болған. Қостанай педагогикалық колледжінде оқып, кейін қашықтықтан жоғары оқу орнында білім алған Алина "Әйгерім Ай" атты гуманитарлық бағыттағы жеке мектепте жұмыс істеді.
Білім ордасының басшысы Құралай Шодорова мұғалімді тек жақсы жағынан сипаттайды.

"Бұл өте ауыр қаза. Біздің ұжымымыз қатты қайғырып отыр. Ол тамаша адам, керемет ұстаз еді. Алина бізде бар болғаны үш жыл жұмыс істеді, бірақ осы уақыт ішінде ұстаз ретінде көп жетістікке жетті. Ұжымда оны бәрі құрметтейтін, балалар мен ата-аналар оны жақсы көретін. Ол бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі ретінде балалармен де, ата-аналармен де жұмыс істей алатын. Дарынды балаларды тауып, олардың талантын дамытуға ата-аналарды сендіру қабілетіне ие еді. Біздің Алина – жас маман ретінде өте үлкен жауапкершілік пен тамаша табиғи қабілеттерге ие ерекше адам. Мектепте аза тұту жарияланды, барлық ұжым мен 1-сынып оқушыларының ата-аналары осы дарынды әрі жарқын қызды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне міндетті түрде қатысады. Бұл біз үшін барлығымызға трагедия... Жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз", – деді Құралай Шодорова.
 

Айта кетейік,  жергілікті полиция аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкелуі бойынша тергеу жұмыстарын бастады. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар