жұма, 27 ақпан, 2026 21:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СІМ қазақстандықтарға Иранға барудан уақытша бас тарта тұруды ұсынды

СІМ қазақстандықтарға Иранға барудан уақытша бас тарта тұруды ұсынды
Фото: СІМ
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз», делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

 ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);

+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):

+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);

+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);

Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй

(83 Hedayat Street, Darrous, Tehran).

Электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com

Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (Whatsapp);

Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы (Edalat 97, Gorgan).

Электрондық пошта: gorgan@mfa.kz

Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:

+98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp);

Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй

(1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas).

Электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар