жұма, 27 ақпан, 2026 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Жамбылда қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Фото: ҚР ІІМ
Қаулы заңды күшіне енді.

Жамбыл облысында қос азаматтық фактісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Меркі аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігі (шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша азаматша М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, азаматша 2025 жылғы желтоқсанда Қырғыз Республикасының азаматтығын алған. Алайда бұл туралы уәкілетті органға заңда белгіленген мерзімде хабарламаған.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушылық хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен, азаматшаның түсіндірмесімен және Қырғыз Республикасының сәйкестендіру картасымен расталған.

Сот отырысында М. өз кінәсін мойындап, жұбайының инфаркт алуына байланысты Қырғыз Республикасының азаматтығын рәсімдегенін, науқас күйеуіне күтім жасау барысында Қазақстан азаматтығынан бас тарту рәсімін уақытында аяқтай алмағанын түсіндірді. Сондай-ақ айыппұл тағайындамауды сұрады.

ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қарастырылған.

Сот қаулысымен азаматша М. кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар