2024 жылдың 26 наурыздан 31 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр және бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ күндізгі оң температура сақталады.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қар қарқынды еруі мүмкін. Қардың едәуір мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын және мұз қыртысының болуын ескере отырып, еріген судың топыраққа сіңуі қиын болады, бұл жер бетіндегі су ағынының пайда болуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, су деңгейінің көтерілуіне әкеледі. облыстағы шағын өзендерде судың төгілуі мен су басу ықтимал.
2024 жылдың 25-28 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай ақ ары қарай температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін. Ескертпе: 26 наурыз күні БҚО кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.
23-24 наурыз Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 23-24 наурыз түнде және таңертең тұман күтіледі.
2024 жылдың 21-24 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.
23-25 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23-25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысында топырақ көшкінінен 2 үйге зақым келді
Ұқсас жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024