Александр Нахмановичтің туғанына 100 жыл толуына орай конференция өтті
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
- 278
Бүгін Байзақ ауданында Александр Нахмановичтің 100 жылдығына орай танымдық конференция өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Александр Нахмановичпен қызметтес болған әріптестері қатысты.
Конференцияда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сөз сөйлеп, Нахмановичтің адал қызметі үшін ел алғысын алған тұлға екенін атап өтті.
Александр Нахманович қарапайым еңбек адамдарына көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру арқылы аграрлық саланың мықты маманы ретінде танылды. Осылайша ауылдың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Александр Нахманович өнегелі өмірі мен игіліктің бастауы адалдық екенін дәлелдеген тұлға. Шын тұлғаның әр заманда шоқтығы биік болары анық. Тұлғаның өмір жолы мен еңбегі ұмытылмайды деп білемін,- деді әкім.
Бұдан кейін Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының және Премьер-министр Олжас Бектеновтың құттықтауын жеткізді.
- Жалпы бұл конференцияның облыс емес, республикалық деңгейде маңызы зор. Осында Александр Нахмановичпен қызметтес болып, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан кісілер отыр. Сондықтан бұл конференция жас ұрпаққа үлгі-өнеге берері сөзсіз,- деді Мәлік Отарбаев.
Сонымен қатар жиында 1964 жылдан бастап, 1996 жылға дейін «Трудовой пахарь» колхозын басқарған, ҰОС ардагері, Социалистік Еңбек Ері атанған Александр Нахмановичпен қызметтес болған тұлғалар колхоз тірлігін ілгерілетуде бірлесе жасаған жұмыстары мен қайраткердің адами қасиеттерін атап өтіп, жылы естеліктерін айтты.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз