Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп жазады, Jambylinfo.kz.
Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар.
Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алғаш рет +92 келіде өнер көрсеткен едім. Енді, міне, Азия чемпионатында осы салмаққа көтеріліп, топ жардым. Қателіктерімді байқадым. Алдағы уақытта тағы тынбай жаттығып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бірінші нөмір екенімді дәлелдеуге тырысамын, - деді ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Алтын жауған күн». Бұрымды боксшылар Азия чемпионатында 5 алтын алды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024
Азия чемпионатының қола жүлдегері Әйгерім Сәттібаева 1 млн тг сыйақы алды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024