«Сотталғандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қазан, 2025
- 361
Семинар барысында сотталған азаматтарға суицидтің алдын алу жөнінде дәріс оқылып, психопрофилактикалық тренингтер мен жеке әңгімелесулер өткізілді.
Психологтар атап өткендей, суицидтің алдын алуда психодиагностикалық жұмыстың профилактикалық маңызы зор. Өзін-өзі өлтіруге бейім тұлғалар жеке, топтық және отбасылық психотерапияға мұқтаж келеді. Мұндай жағдайлардың алдын алудағы негізгі факторлар мыналар болып табылады:
1. депрессиялық бұзылулармен байланысты психикалық аурулардың болмауы;
2. отбасындағы жылы әрі қолдаушы қарым-қатынас;
3. нақты немесе формальды ойлау деңгейіне жетпеген когнитивтік қызметтің сақталуы;
4. суицидке қарсы ойдың қалыптасуына ықпал ететін мәдени және рухани-діни факторлардың болуы;
5. депрессиялық және сезімтал күйден арылу үшін жеке психотерапия жүргізу.
Аталған шара сотталған азаматтардың психологиялық саулығын нығайтып, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталды.
№58 мекемесінің
аға инспектор-психологы,
әділет аға лейтенанты
А.Е. Аташева
Мерекедегі қуаныш: Мамай мен Сөгетіге таза ауызсу келді
Ұқсас жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






