Мерекедегі қуаныш: Мамай мен Сөгетіге таза ауызсу келді
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қазан, 2025
- 352
Жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық қос жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын «Темір Строй Сервис и Ко» және «Пырақ-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқарды.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл жұмыстардың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен 2025 жылдың соңына дейін елді мекендерді толық ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті.
Бұған дейін тұрғындар тіршілік нәрін көше басынан тасып ішсе, енді әр үйге дейін тартылған таза судың игілігін көруде.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, жаңа нысанның іске қосылуына атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Айта кетсек, соңғы үш жылда аудан аумағындағы ондаған елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал жыл соңына дейін тағы үш нысан — Шөңгер, Құлан және Р. Сәбденов ауылдарындағы су имараттары пайдалануға берілмек.
Осылайша, Мемлекет басшысының тұрғындарды таза ауыз сумен толық қамту жөніндегі тапсырмасы Тұрар Рысқұлов ауданында табысты орындалып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






