жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Студенттер қыркүйек айында шәкіртақысын қашан алатыны белгілі болды

Студенттер қыркүйек айында шәкіртақысын қашан алатыны белгілі болды
Ашық дереккөз
Төлемдер қазан айының аяғында жүргізіледі деп жоспарланған

 

 
2024 – 2025 оқу жылының бірінші курс студенттері қыркүйек айының стипендиясын қазан айында алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
 
“Қаржы орталығы” АҚ хабарланғандай, жаңа оқу жылының шәкіртақысы Үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді.
 
 «Қаржы орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің І курсында білім алушыларға қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды, - делінген хабарламада.
 
 
Сонымен қатар Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленеді. Төлемдер қазан айының аяғында жүргізіледі деп жоспарланған.
 
 
 
 
 
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар