Жаңалықтар
Су тасқыны: Еркенің Райымы мылтықсыз майданда жүр...
- авторjambylinfo.kz
- 14 сәуір, 2024
- 4.0k
Белгілі әнші, Ерке Есмаханның күйеуі Райымбек Бақтыгереев туған жері Орал қаласында су тасқынына қарсы күрес жұмыстарының бел ортасында жүр.
Әнші күндіз түні жергілікті халықпен бірге Жайық өзенінің бойындағы дамбыны күзетіп, су тасқынының алдын алу үшін қапшықпен құм төсеп жатыр.
"Кеше түннен бері осындамыз. Жағдай өте қиын. Су дамбыдан асса, Орал қаласын, одан басқа қалаларға да жайылатын түрі бар. 2-3 күннен кейін жағдай бұдан да қиын болатын түрі бар. Жігіттер, табиғи апатпен бірге күресейік,-деді ол.
Сонымен қатар, қызыл суымен алысып жатқан оралдықтар банк қосымшалары арқылы "Асар ме" қайырымдылық қорына ақша аударуды сұрады.
Олар қайырымдылықтан түскен ақшаға арнайы киім-кешек, қайық, етік, қап және тағы да басқа заттар сатып алмақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024