дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тегін санаторийлердің 12-сі Түркістанда-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Тегін санаторийлердің 12-сі Түркістанда-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Ғаламтор
Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайтын санаторийлер бөлді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтып берді деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда. Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10 күннен 14 күнге дейін болады. Бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.

Тегін санаторийлердің 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.

Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігін айтып отыр. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар