жұма, 14 ақпан, 2025 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су жаңа статистика: Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты

Су жаңа статистика: Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты
Ашық дереккөз
2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жеткен

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның ішінде қала тұрғындары 12 774 743, ауыл тұрғындары 7 511 341 адамды құрайды.

Халық санының өсімі 252 242 адамды құраса, соның ішінде 235 078 адам табиғи өсім есебінен, ал 17 164 адам көші-қон есебінен қосылып отыр. 

Өсу қарқыны бойынша Астана қаласы 6,91 пайыз, Алматы қаласы 2,86 пайыз және Шымкент қаласы 2,80 пайызды көрсетті. 

Бір миллионнан астам халқы бар өңірлер қатарында Түркістан — 2,1 миллион, Алматы — 1,5 миллион, Жамбыл — 1,2 миллион және Қарағанды — 1,1 миллион тұрғынға жеткен. Бұл деректер қала тұрғындарының санының өсуі мен көші-қонның әсерін айқындайды. Әсіресе ірі қалаларда халық санының өсу қарқыны жоғары.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар