ЕҰУ ғалымдары ауасы ластанған қалалар үшін жаңа экологиялық сүзгілер әзірлеуде
- авторjambylinfo.kz
- 3 ақпан, 2025
- 293

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ЕҰУ инженерлік зертханасының қызметкерлері атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектесетін жаңа сүзгілерді әзірлеуде. Бұл сүзгілер электр станциялары мен зауыттардағы шығарындыларды бақылау үшін қолданылып, көміртегінің көлемін азайтып, экологияны жақсартуға ықпал етеді. Зерттеу МАГАТЭ қаржыландыруымен жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – Қазақстанда өндірілетін трек мембраналарын металл-органикалық қаңқалы қосылыстармен біріктіріп, көмірқышқыл газын тиімдірек алу технологиясын әзірлеу. Ғалымдар металл-органикалық қосылыстарды ұстап тұратын және олардың қасиеттерін арттыратын арнайы қабаттар жасауды қолға алған. МАГАТЭ жобаны 2024 жылдың соңында 5 жылға қаржыландыруды мақұлдады.
Қазақстан Париж келісіміне қосылып, парниктік газдардың шығарындыларын азайту мен экологиялық инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді шаралар қабылданды. Бұл жоба ауасы ластанған Қазақстан қалалары үшін жақсы жаңалық болып отыр және экологияны жақсартуға зор үлес қосады. Жоба жетекшісі Илья Королков – 2016 жылы ЕҰУ-ды PhD дәрежесімен бітірген және 16 жылдық ғылыми тәжірибесі бар ғалым.
Айта кетейік, елімізде Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Шымкент шаһарлары ауасы қатты ластанған және экологиясы нашар қалалар тізіміне енген.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз