жексенбі, 9 ақпан, 2025 9:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді елімізде қала мен ауыл баласы бірдей білім алады

Енді елімізде қала мен ауыл баласы бірдей білім алады
Фото - ашық дереккөз
Өйткені, мектептерде бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде

Қазақстанда мектептерді реновациялау бойынша ауқымды жоба басталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда. Оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.

 - Оқу-ағарту министрлігімен мектептерді реновациядан өткізудің жиынтық жоспары бекітілді, облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірледі. Реновациядан өткізуде мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған,- делінген хабарламада.

Бұл шаралар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде 2025 жылы 262 мектеп, 2026 жылы 436 мектеп, 2027 жылы 466 мектеп жөнделеді. Ал, Жамбыл облысында 2028-2029 жылдары 67 мектеп жаңғыртылмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының 67%-ы (5236 мектеп) аудандық және ауылдық жерлерде орналасқан, бұл білім беру ошақтарында 1,6 миллион бала оқиды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар