сенбі, 15 ақпан, 2025 15:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Ақтөбеде шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Антикор мәлімдеді

Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Деректерге сүйенсек, шенеуніктер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

- Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді. Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа, тергеу шеңберінде 359 млн теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар