Елімізде
«Алты адам қаза тапты»: Түркістанда жантүршігерлік жол апаты болды
- авторМағжан Орынбасар
- 3 ақпан, 2025
- 248

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде
Бүгін Түркістан облысында жол апаты орын алып, алты адам қаза тапты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алты адам қаза тауып, әртүрлі дене жарақатын алған төрт адам Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция департаменті.