сәрсенбі, 24 шілде, 2024 17:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Төреғали елге тосын сый жасады»: Әнші қайыршы шалдың кейіпіне еніп, көшеде ән салды (ВИДЕО)

«Төреғали елге тосын сый жасады»: Әнші қайыршы шалдың кейіпіне еніп, көшеде ән салды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скрин
Әнші көпшілікті таңқалдырған видеосын желідегі парақшасына жариялаған

Төреғали Төреәлі Алматыдағы саябақтың бірінде қайыршы шалдың образына еніп, гитарамен ән салып көпшілікке тосын сый жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсіп жатқан видеодан Төреғали Төреәлінің басына жасанды шаш, сақал-мұрт  жапсырып, егде жастағы кісінің кейіпінде көшеде гитарамен ән салып тұрғанын көруге болады.

Өнер иесі репертуарындағы бірнеше хит әнді жанды дауыста шырқап, елдің ықыласына бөленген. Бұдан кейін әнші жасанды шашын, сақал-мұртын шешкен.

Ал әншіні таныған адамдар қол шапалақтап, оған құрмет көрсеткен.  

 

 

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар