Қоғам
«Мамам мені өлтіретін шығар...»: қазақ суретішінің туындысынан кейін аборттан бас тартқан қыздар көбейген
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 2 шілде, 2024
- 633
Бұл туралы Аңсаған Мұстафа сұхбаттарының бірінде айтты
Танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафа «Мамам мені өлтіретін шығар...» атты картинасынан соң, түсік тастатпай, сәбилерін дүниеге әкелген аналар балаларының суретін көп жіберетінін айтты, деп деп хабарлайды jambylinfo.kz «Адырна» сайтына сілтеме жасай отырып.
«Сол суретті көрген жас қыздар түсік жасатамын деген ойынан айнып, жатырына біткен балапандарын аман алып қалған. Маған жазып, алғыстарын білдірген еді. Қазақта «тамшы тас теседі» деген сөз бар ғой. Халыққа талантыммен тамшыдай болсын пайдам тисе, қуанамын», - дейді Аңсаған Мұстафа.